Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан Иранның барлық ирандыққа тиесілі екенін айтты.
Амир Абдоллахиан бұл туралы шетелдерде тұратын ирандықтарға жолдаған құттықтауында мәлімдеді.
Амир Абдоллахиан Иранда Наурыз мерекесі қарсаңында шетелдерде тұратын ирандықтарға жолдаған құттықтауында: «Барша ирандықты және төрткүл дүниедегі қымбатты отандастарымды көне Наурыз мейрамымен және жаңа жылдың басталуымен шын жүректен құттықтаймын», — деді.
Ол Иранды барша ирандыққа тиесілі деп атап, оның үздіксіз ілгерілеуі мен жарқын болашағының барша ирандықтың орасан күш-жігері мен ұлттық бірлігімен айқындалатынын баса айтты.
Абдоллахиан құттықтау жолдауының жалғасында: «Иран Ислам Республикасы 13-ші үкіметінің басынан бері ерік-жігеріміз қымбатты ирандықтардың туған жер мен отанға қатынауы үшін барынша жағдай жасауға бағытталды. Біз Иран азаматтарына оңай консулдық қызмет пен оларға толық қолдау көрсетуді шындап жалғастыратынымыз сөзсіз»,- деді.
Шетелдерде тұратын ирандықтардың нақты статистикасы жоқ. Дегенмен ирандықтар көп баратын елдердің қатарында Америка, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция мен БАӘ бар.













