АҚШ университеттерінде бірнеше күнге созылған Палестинаны жақтаушы студенттердің шерулері Францияда жалғасты.
France Presse агенттігінің куәгерлердің сөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, наразылық акциясын Париждегі Саяси зерттеулер университетінің Палестина комитеті ұйымдастырған.
Шеру барысында наразылар осы оқу орнының Газа секторындағы геноцидке қатысы бар университеттермен және компаниялармен байланыстарын үзуге шақырды.
Газа секторында 35 мыңға жуық адамның өмірін қиған сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына наразылық білдірген студенттер университет қалашығында Палестинаны қолдайтын шерулерді басып тастаудағы әрекеттерді тоқтатуды талап етуде.
France Presse агенттігінің Франция шенеуніктерінің мәлімдемелеріне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ университеттерінде болған наразылық шерулерінен кейін Париж полициялары осы елдегі Израильге қарсы наразылық білдірген ондаған студентті ұстады.
Париж Саяси зерттеулер университетінің студенттер одағы университет басшыларының наразылық шерулеріне полицияның қатысуын талап ету туралы шешімін «таң қалдырарлық және қатты алаңдатарлық» жағдай деп атады.
Сонымен қатар студенттер одағы бұл авторитаризмге бет бұруды көрсететінін атап өтті.
Париждегі наразылықтарға өткен аптада АҚШ университеттерінде өткен Израильге қарсы шерулер әсер етті. Наразылықтар кезінде студенттер өз оқу орындарынан Израильмен қаржылай байланыстарын үзуді және сионистік режимнің Хамаспен соғысына мүмкіндік беретін компанияларға тыйым салуды сұрады.
АҚШ университеттерінде наразылық танытқан жүздеген студентті полициялар әр жерлерден ұстап әкетті. Мысалы, Бостон полициясы Эмерсон колледжінде шамамен 108 адамды қамауға алды. Бұған дейін Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде Палестинаны қолдап, шеруге шыққан 93 адам ұсталды.
Сонымен қатар, Остиндегі Техас университетінде наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, 34 адам қамауға алынды.


















