Пәкістан Сенаты Қорғаныс комитетінің төрағасы Мушахид Хуссейн Сайед Израильдің Сирияның Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасаған әрекетін қатаң айыптап, Израильді халықаралық құқықты бұзған лаңкестік мемлекет деп атады.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мушахид Хуссейн Сайед сионистік режимнің Иранның Дамасктегі елшілігі мен оның жанындағы консулдыққа жасаған шабуылы кеңінен айыпталуы керек екенін қуаттап, БҰҰ Израильді «лаңкестік мемлекет» деп жариялауы керектігін айтты.
Мушахид Хуссейн Сайед: «Біз Израильдің Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасаған шабуылын қатаң айыптаймыз. Бұл Сирияның егемендігі мен халықаралық құқықты айқын бұзу болып табылады»,- деді.
Пәкістандық саясаткер: «Израиль жуырда Иран консулдығына жасаған лаңкестік әрекеті арқылы өзінің қазіргі уақытта Газа секторы мен Иорданияның батыс жағалауындағы палестиналықтарды өлтірген әлемдегі ең ірі лаңкес ел екенін дәлелдеді»,- деп баса айтты.
Ол Израильдің бұл әрекетін бүкіл әлем айыптағанына тоқталып: «БҰҰ Израильді Иранның дипломатиялық нысанына шабуыл жасағаны үшін лаңкестік мемлекет деп жариялауы керек. Мұндай қылмыстарға жол берілмеуі қажет. Өйткені, егер мұндай қылмыстар жалғаса берсе, әлемді заңсыздық жайлайды. Біз бұл шабуылды қатаң айыптап, Иран Үкіметі және халқымен толық ынтымақтастығымызды білдіреміз», — деді.












