АҚШ-тың Украинаға, Израильге және Тайваньға 95 миллиард долларлық көмек пакеті мақұлданғаннан кейін, Тайбэй шенеуніктері бұл көмекті Қытайға қарсы қалай пайдалану керектігін қарастыруда.
Еуразия Тудейдің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы қабылдаған 95 миллиард долларлық әскери көмек пакеті Украина үшін 60,84 миллиард доллар, Израиль үшін 26,38 миллиард доллар және Тайвань үшін шамамен 8 миллиард доллар қаражат жұмсауды көздейді.
Тайвань АҚШ-тың Ресейге қарсы күресуде Украинаға көмектесу үшін қару-жарақ жеткізуге басты назар аударып, 2022 жылдан бастап «Стингер» зениттік зымыран кешені сияқты америкалық қару-жарақ жеткізілуінің кешігуіне наразылық білдірген еді.
Вашингтон мен Тайбэй арасында ресми дипломатиялық қатынас болмаса да АҚШ Тайваньның ең маңызды халықаралық демеушісі және қару-жарақ жеткізушісі болып табылады.
Тайвань Қорғаныс министрлігі сенбі күні АҚШ Өкілдер палатасының әскери көмек бөлу пакетін мақұлдағанына алғыс білдіріп, АҚШ-тың қысылтаяң кезеңде Тайваньға қолдау көрсеткенін мәлімдеді.
Сонымен қатар министрлік жексенбі күні АҚШ-мен бюджетті қалай пайдалану керектігін талқылайтынын жеткізіп: «Біз АҚШ-мен тиісті қаражатты пайдалануды үйлестіреміз. Тайвань бұғазындағы ұлттық қауіпсіздік пен бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жауынгерлік әзірлік мүмкіндіктерімізді нығайту үшін бар күшімізді саламыз» деді.
Тайвань кемеге қарсы зымырандарды орналастыра алатын асимметриялық қорғаныс стратегиясын іздеуде. Тайбэй әуеде жер-әуе зымырандарының тығыз желісін құруға ұмтылуда және басқарылатын ұшақтарды пайдаланудың орнына аспанды бақылауға алу үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғысы келеді.
Тайвань Қорғаныс министрлігі Қытай тарапынан жасалған қысымға тап болғанына тоқталып, соңғы 24 сағат ішінде Қытайдың 14 әуе әскери ұшағы Тайвань бұғазының шартты орта сызығын кесіп өткенін айтты.
Шартты орта сызық бір кездері екі жақтың бейресми шекарасы ретінде қызмет еткен тұста оны екі жақтың әскері де кесіп өтпеген. Алайда қазіргі таңда Қытай әскери әуе күштері оның үстінен үнемі өз ұшақтарын ұшыруда.
Сенбі күні Тайвань Қорғаныс министрлігі Тайвань айналасында Қытайдың әскери кемелер және әскери ұшақтармен тағы бірлескен жауынгерлік дайындық жүргізгенін хабарлады.


















