Тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтардың саны артуда.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 800 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы 49,6 пайызы Қытайдан, 31,9 пайызы Өзбекстаннан, 6,8 пайызы Түркіменстаннан, 6,5 пайызы Моңғолиядан, 3,9 пайызы Ресейден және 1,3 пайызы басқа елдерден.
Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9 пайызды және зейнеткерлер 9,4 пайызды құрады.
Қандас – бір кездері жаппай саяси қуғын-сүргін салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге жер ауған, кейін Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында ерікті түрде тарихи отанына оралған этникалық қазақ.
1997 жылдың 13 желтоқсан күнгі Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 14 бабына сәйкес қандас мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі.













