Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Әлем халқы Құдс күні Палестинаға қолдау білдірді

06.04.2024
in Әлем, Фото
A A

Loading

Әлем халқы Құдс күні Палестинаға қолдау білдірді

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында аймақтың әртүрлі елдерінің халқы Палестина халқына көрсетілген қысымға жауап ретінде қолдау көрсетіп, шерулерге шықты.

Кеше, жұма күні Иран халқынан басқа, аймақ халықтары Палестинаның мазлұм халқына әртүрлі жолмен қолдау көрсетті.

Ирак

Тақырыпқа орай:

Мароккода Израильмен қарым-қатынасты тереңдетуге қарсы наразылық акциясы өтті

Мароккода Израильмен қарым-қатынасты тереңдетуге қарсы наразылық акциясы өтті

29.09.2026

Ирак халқы жұма күні таңертең осы елдің әртүрлі қалаларында көшелерге шығып, Палестина халқы мен исламдық қасиеттілікке қолдау білдіріп, Газа секторындағы сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.

Иордания

Иордания астанасы Амман қаласында жұма намазынан кейін өткен Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге қатысушылар сионистік режимнің Газа секторындағы тұрғындарына қарсы қырғын қылмысын айыптап, араб және Ислам елдерін езілген Газа халқын қолдауға, Израиль оккупациялық режимінің қылмыстарына қарсы байыпты әрі дереу әрекет етуге шақырды.

Сирия

Халықаралық Құдс күніне орай Дамасктегі Ярмук лагерінде көптеген адамдардың қатысуымен «әл-Ахрар дауылы» атты шеру өтті.

Сириядағы Палестина лагерлері, сондай-ақ араб және Ислам партияларының қайраткерлері мен жетекшілері, діни қызметкерлері мен бірқатар дипломаттардың қатысуымен өткен шеруде сионистік режимнің қылмыстары айыпталып, Газа секторындағы езілген халыққа қарсы геноцид қылмыстары үшін Израильді соттауды сұрады.

Дүниежүзілік Құдс күніне орай Дамаск маңындағы Ярмук лагерінде палестиналық топтардың шеруі де осы лагерьдегі Дүниежүзілік Құдс күнін еске алу бағдарламаларының бірі болды.

Пәкістан

Пәкістан мұсылмандары жұма күні Халықаралық Құдс күніне орай елдің әртүрлі қалаларында өткен жаппай шерулерде Палестина халқының қарсылығын қолдап, Израиль мен АҚШ-қа қарсы ұрандар айтып, Израиль режимінің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын айыптады.

Пәкістан астанасы Исламабадта жүздеген пәкістандық тақуа, саяси белсенділер мен діни топ басшылары Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шерулерге қатысу арқылы сионистік режимге ашу мен жеккөрушіліктерін білдірді.

Оман

Оман азаматтары АҚШ-тың Маскаттағы елшілігінің алдына жиналып, Вашингтонның сионистік режимнің қылмыстарына қолдау білдіруін айыптады.

Индонезия

Халықаралық Құдс күніне орай жүздеген Индонезия азаматы әлемнің еркін және мұсылман елдерімен бірге екенін білдіріп, ел астанасы Джакартадағы АҚШ-тың елшілігінің алдына жиналып, сионистік режим мен оның жақтастарының палестиналықтарды өлтіру мен геноцидке байланысты қылмыстарын айыптап, Палестина халқының арманымен бірге екендіктерін білдірді.

Наразылық білдірушілер ауа-райының қолайсыздығы мен нөсер жаңбырға қарамастан, Палестинаны қолдайтын және Израильді айыптайтын ұрандары бар плакаттар мен баннерлерді көтеріп, балалардың өмірін қиған Израиль режиміне деген ашуы мен жеккөрушіліктерін білдірді.

Шеруге шығушылар Палестина туын көтеріп, Израильдің Палестина мен Газа секторына қарсы жасаған қылмыстарына наразылық білдіріп, палестиналық әйелдерді өлтірген, геноцид пен қорлауға қатысты олардың бұл әрекеттеріне халықаралық қауымдастықтың үнсіздігін сынады.

Малайзия

Сондай-ақ, Малайзия халқы Құдс күні Палестина халқымен ынтымақтастық білдіріп, Куала-Лумпур көшелерінде Палестина мен қарсыласу топтарының туларын көтеріп, Палестина аумағындағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуға шақырды.

Бахрейн

Бахрейн азаматтары да қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында Халықаралық Құдс күні езілген Палестина халқын, әсіресе Газа тұрғындарын қолдау үшін көшелерге шығып, сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарын айыптап, шерулер өткізді.

Бахрейн БАҚ хабарлауынша, осы елдің жер-жерінде сионистік режимнің қылмыстарына қарсы жаппай шерулер өтті.

Бахрейн астанасы Манама қаласының ескі ауданында халықтың қатысуымен Газа секторының мазлұм халқын қолдаған Дүниежүзілік Құдс күніне орай шерулер «әл-Ахрар дауылы» ұранымен өтті.
Сонымен қатар Газа халқымен бірге екенін білдірген Бахрейннің Ситра ауданының тұрғындары Халықаралық Құдс күні көшелерге шығып, сионистік режимнің Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстарын ұрандармен айыптады.

Танзания

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы мен Халықаралық Құдс күні әділетсіздік пен езгіге наразылық білдірген көптеген мұсылмандар мен жастар Танзания астанасы Дар-эс-Саламда шерулерге шықты.

Кашмир

Кашмир мұсылмандары Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге қатысып, АҚШ мен Израильге қарсы ұрандар айтты. Шеру жұма күні Үндістан үкіметінің бақылауындағы Кашмирдің Каргил ауданында өтті.

Ливан

Ливанда Бейруттың оңтүстік ауданында халықаралық Құдс күні мен Палестинаның мазлұм халқымен ынтымақтастық күні өтті. Бұл рәсімнің баяндамашысы «Хезболла» жетекшісі Сайед Хасан Насролла болды.

Йемен

Йемен азаматтары жұма күні Палестина халқының мазлұмдық үніне қолдау білдіріп, көшелерге шықты. Олар осы елдің барлық қаласында Палестинаны қолдап, сионистік режим мен оның жақтастарына деген жиіркеніштерін білдірді.

Йемендік наразылық білдірушілер қорытынды мәлімдемесінде Халықаралық Құдс күнін атап өтуді «сенім үшін әрекет» деп атады. Олар Палестина аумағын азат ету үшін Ислам үмбетінің басқа азат етушілерімен қатар күресуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Олар «Әл-Ақса дауылы» операциясын сионистік режим езгісі мен қылмыстарының аяқталуының белгісі ретінде сипаттап, Палестина халқының батыл да мықты және қарсылық танытудағы рухына құрмет білдірді.

Сондай-ақ, йемендік шерушілер Дамасктегі Иран Ислам Республикасының консулдығына жасалған шабуылдағы сионистік режимнің қатыгез қылмыстарын да айыптады.

Tags: Газа секторыҚұдс күніПалестинаны қолдауШерулер
ShareTweetSend
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE
Next Post
Түркия Антарктидада ғылыми базасын кеңейтуде

Түркия Антарктидада ғылыми базасын кеңейтуде

Discussion about this post

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.