АҚШ-тың 102 жастағы тұрғыны Перл Тейлор әлеуметтік желіде ұзақ өмір сүруінің құпиясы мен ақыл-ой қабілетін сақтау үшін не істейтінін айтып берді.
Американың Огайо штатындағы Дейтон қаласында тұратын кубалық әже өзінің немересі басқаратын TikTok әлеуметтік желісінде дұрыс тамақтану және тері күтімі бойынша кеңестерімен бөлісіп отырады.
Кейуана түсірген соңғы бейнелердің бірі миллионға жуық қаралым жинаған.
Тейлор ұзақ өмір сүруінің басты құпиясының бірі ретінде өңделген тағамдардан бас тартуды ұсынады.
«Мен тек табиғи өнімдерді және вегетариандық тағамдарды тұтынамын. Әдеттегі америкалық таңғы асқа — папайя, банан, квиноа, зығыр және күріш ұнынан жасалған гриль құймақтарын жеймін. Түскі ас ішпеймін, бірақ кешкі асқа міндетті түрде ямайкалық күріш пен бұршақ жегенді ұнатамын», — деді кейуана.
Тақырыпқа орай:
Сонымен қатар, ол күн сайын нөлдік калориялы спорттық сусындарды, жарты литрлік бөтелкемен минералды су және бір кесе кофеинсіз кофе ішеді. Ал кешкі ас алдында Тейлор алоэ тамырынан, балдыркөктен, ақжелкеннен, зімбірден жасалған және қант қосылған сусын ішеді.
Тейлор белсенді өмір салтын ұстанып, аяғының бұлшықеттерін күшейту үшін жеңіл жаттығулар жасайды.
Еске сала кетсек, өткен аптада 105 жасын тойлаған Джойс Кинг есімді британдық кейуана да өзінің ұзақ өмір сүру құпияларымен бөліскен болатын.
Джойс Кинг ешқашан диета ұстап, өзін тамақтан шектемеген. Джойс Кинг сенімнің арқасында ұзақ өмір сүруге болады деп санайды. Джойс ұзақ өмір сүрудің тағы бір құпиясын фитнес сабақтары дейді.
Кейуана таза ауада көп уақыт өткізеді екен.










