2023 жылдың сәуір айынан бері әскери қақтығыстарға тап болған Судан мемлекетінің 25 миллион тұрғыны көмекке мұқтаж. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді.
Әлемдік ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сәйкес, Дюжжарик 10 айға жуық қақтығыстардың кесірінен Судан халқының жартысынан астамы, шамамен 25 миллион адамның гуманитарлық көмек пен қорғауға зәру екенін хабарлады. 1,5 миллионнан астам адам өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр болған. Миллиондаған тұрғын Суданмен көрші елдерге кету үшін шекараларға топтасқан.
Орталық Африка Республикасы, Чад, Египет, Эфиопия, Оңтүстік Судан елдері босқындарды қабылдауы мүмкін. БҰҰ-ның бастамашыл тобы биыл 15 миллион адамға гуманитарлық көмек беруді жоспарлап отыр.



















