Қазанның үші Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіліп келе жатқанына биыл 19 жыл болды.
Еуразия Тудейдің Report агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Нахчыван келісіміне қол қойылып, Түркі Кеңесінің негізі қаланды.
2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Нахчыван келісіміне қол қойылып, Түркі Кеңесінің негізі қаланды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, сенбі, 3 қазанда, бұл тарихи қадамға 19 жыл толды. Осы атаулы күнге байланысты жыл сайын 3 қазан — Түркі мемлекеттердің ынтымақтастық күні ретінде атап өтіледі.
2021 жылғы 12 қарашада өткен Кеңестің VIII саммитінде ұйымның атауын Түркі мемлекеттері ұйымы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
Ортақ тарих, тіл, бірегейлік және мәдениет сынды төрт негізгі тірекке сүйенетін ТМҰ— ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды өңірлік платформа.
Ұйым алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізу және оның тиімді жұмысын жалғастыру үшін бірқатар маңызды құрылымдар құрылды. Олардың қатарында Мемлекет басшылары кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Бас хатшылық, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясы (ТүркПА), Халықаралық Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы және Түркі іскерлік кеңесі бар.
Түркі Кеңесінің құрылтай құжаты болған Нахчыван келісіміне алғашында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия қол қойды.
2018 жылғы 30 сәуірде Өзбекстан Кеңестің толыққанды мүшесі болды. Сол жылы Венгрия ұйымға бақылаушы мемлекет мәртебесімен қосылды. Ал 2021 жылғы 12 қарашада Түрікменстан ТМҰ құрамына бақылаушы мемлекет мәртебесімен қабылданды.
Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы түркі елдері арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған көпжақты ынтымақтастық алаңы ретінде табысты жұмыс істеп келеді.
















