Ауғанстанның шығысында толассыз жауған жаңбыр мен дауыл салдарынан елуге жуық адам қаза тапты.
Еуразия Тудейдің Ауғанстанның БАҚ-на сілтеме жасап хабарлауы бойынша, осы елдің шығысында орналасқан Нангарһар провинциясындағы Джалал Абад қалсында толассыз жауған жаңбыр мен дауыл салдарынан кемінде 48 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алды.
Алайда дауыл мен жаңбырдың күшеюіне байланысты жоғалғандар саны артуымен құрбандар санының да көбеюі мүмкін екені де хабарланды.
Нангархар провинциясының ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Садиқ Алла Ғорейши Сорх Руд аймағында бір үйдің төбесі құлап, бір отбасының бес мүшесі қаза тауып, тағы төрт отбасы мүшесі жараланғанын айтты.
Ғорейши қаза тапқандар мен жараланғандар арасында бірнеше әйел мен балалардың да бар екенін айтты.
Нангархар провинциясының дағдарысты басқару департаментінің басшысы Сайфулла Халид Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында жаңа дерек жариялап, дауыл мен жаңбырдың провинцияда 400 үйді қиратып, 60-қа жуық электр бағанасы мен ауылшаруашылық саласында егінге зиян келтіргенін айтты.
Нангарһан провинциясынан басқа Лағман, Кунар, Панджшир және Бадахшан провинцияларында да су тасқыны болды.












