Қазақстан полициясы патрульдік маршруттарды елдегі Израильдің синагогалары мен дипломатиялық нысандарына жақындатты.
Еуразия Тудейдің ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстанда полиция осы елдегі синагогалар мен Израильдің дипломатиялық нысандарына патрульдік маршруттарды жақындатты.
ҚР ІІМ ақпараттық саясат басқармасының бастығы Шыңғыс Әлекешев: «Елшіліктер онсыз да (Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты есепке алмағанда. Ред.) әрқашан полицияның қорғауында. Барлық діни нысандар да ұзақ уақыт бойы ішкі істер органдарының бақылауында тұр. Біз патрульдік маршруттарды осы нысандарға жақындаттық. Сонымен қатар, қосымша Орталық жедел басқару орталықтарының камералары арқылы іргелес аумаққа видеомониторинг жүргізілуде», — деді.
Еуразия Тудей мұның алдында да ҚазТАГ келтірген дереккөзіне сілтеме жасап, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Иран мен Израиль арасындағы жағдайды бақылап отырғанын хабарлады.
Айта кетейік, Иран кеше, сейсенбі, қазанның бірі күні кешке Израильге әуеден ауқымды шабуыл жасап, Израиль аумағына екі жүзге жуық баллистикалық зымыран атты. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «аспанда Тегеран, Шираз және Кашаннан зымыран ұшырылғаны байқалды».
Ливан астанасы Бейрутте Хасан Насралла өлтірілгеннен кейін Иран Ислам Республикасының басшылары олардан кек алатынын қуаттаған болатын.












