Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысына БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныс түскенін айтты.
Еуразия Тудейдің Спутник агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұсынысты Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастырып жатқанына тоқталып, Қазақстан жақын болашақта БРИКС-ке кіруге өтініш бермейтінін айтты.
Берік Уәли: «Қазақстан БРИКС-тің даму эволюциясын қызығушылықпен мұқият бақылап отыр. Біздің еліміз алпауыт державалардың гегемониясынан азат, әділетті әрі демократиялық әлемдік тәртіп құру туралы барлық бастамасын қолдайды.
Президентке Қазақстанның БРИКС-ке кіруі туралы ұсыныстар келіп түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде танылған біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты жағдай.
Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр»,- деді.
БРИКС саммиті 23-24 қазан күндері Қазан қаласында өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысып, ұйымның аутрич форматындағы кеңейтілген отырысында сөз сөйлейді деп күтілуде.



















