Қазақстан мен Макао арасында визасыз режим туралы келісім күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бүгін, 2024 жылғы 24 қазанда өз күшіне енді.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына он төрт күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді. Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.
Макао аумағында 14 күннен артық болғысы келетіндер тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеуі қажет.
Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиек ашады.
Макао — 1999 жылы 20 желтоқсанда құрылған Қытайдың оңтүстігіндегі ерекше әкімшілік аймақ. Макао 16 ғасырдан осы уақытқа дейін Португалияның колониясында болған.
Бүгінде ҚХР құрамындағы Макаоның өз заңдары, құқықтық, валюталық, кедендік және иммиграциялық жүйелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға қатысу құқығы, португал және қытай деген ресми екі тілі бар.












