Сирия уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған басшысы Асад Хасан әл-Шибани Стамбұлда білім алған.
Еуразия Тудейдің Turknws арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша жаңадан тағайындалған министр 1987 жылы Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасака провинциясында дүниеге келген. Одан кейін Дамаскіде тұрып, білім алған.
Әл-Шибани 2022 жылы Стамбұл Сабахаттин Заим университетінде саясаттану және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. 2024 жылы сол сала бойынша докторлық дәрежесін алды.
Ол 2017 жылы Асад режиміне қарсы көлеңкелі үкімет — Сирияны құтқару үкіметін құруға жеке қатысты. Ол сол жерде саяси мәселелер бөлімін құрып, әлі де басқарып отыр.
Айта кетейік, SANA ақпарат агенттігі Сирияның жаңа билігі Асад Хасан әл-Шибаниді елдің уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрі қызметіне тағайындағанын хабарлады.
Еске салайық, желтоқсанның сегізі күні Сириядағы қарулы оппозиция Сирияда билікті басып алып, Башар Асадтың үкіметін құлатты.
Сириядағы Баас режимі құлатылғаннан кейін «Хайат Тахрир аш-Шам» басқаратын уақытша үкімет қазіргі таңда өзінің әкімшілік құрылымын құрумен айналысуда. Соның аясында Сыртқы істер министрін тағайындады.












