Иранның Шекара қолбасшысы бригада генералы Ахмад Али Гударзи Сардашт шекара полкының шекарашылары террористердің Иранға енуіне тосқауыл қойып, олардан үлкен көлемдегі жарылғыш заттарды тәркіленгенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бригада генералы Ахмад Али Гударзи Сардашт шекара қызметінің шекарашылары елдің барлау және операция командаларынан лаңкестік топтардың қимылдары туралы ақпарат ала салысымен аталған жерге жедел жетіп, Иранға енуді мақсат еткен шекарадағы бірнеше басқыншыны байқап, олармен қақтығысқа түскенін, нәтижесінде Иран шекарашылары ашқан атыстың күштілігінен террористер оларға қарсы тұра алмай, арқаларындағы дорбаларын тастап, географиялық жағдай мен түн қараңғылығын пайдаланып, қашып кеткенін айтты.
Гоударзи шекарашылар қақтығыс болған мекенді анықтап, тексерген соң салмағы шамамен 77 килограмм болатын он бес қорап жарылғыш заттардан тұратын 10 дорбаның, 5000 электронды детонатор және жанкешті жилетін дайындау үшін қажет 13 жиынтық пен тағы басқа материалдарды тауып, тәркілегенін айтты.
Айта кетейік, оқиға Иранның Батыс Әзірбайжан облысының оңтүстігіндегі күрдтер қоныстанған және Иракпен 100 шақырымдық шекарасы бар Сардашт қаласының аймағында болды.












