Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи Иранның Венесуэламен кеңейтілген қарым-қатынасын тереңдетуге ұмтылатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Николай Мадуроның Венесуэла Президенті болып қайта сайлануына байланысты құттықтауында мәлімдеді.
Исмаил Бақайи сенбі күні кешке X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Венесуэла Президенті Николай Мадуроға табыс тілеп: “Біз Иран мен Венесуэла халықтарының игілігі үшін Венесуэланың жаңа Үкіметімен ынтымақтасуға және мемлекеттер арасындағы кеңейтілген қарым-қатынасты тереңдетуге мүдделіміз.
Біз Президент Николай Мадуроны Боливар Венесуэла Республикасының президенті қызметіне кірісуімен құттықтаймыз. Біз Венесуэла мен ұлы халқына қызмет етуде табыс тілейміз.
Иран мен Венесуэла халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдету үшін сайланған жаңа Үкіметпен ынтымақтастыққа мүдделіміз”,-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елінің АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен араласуларына қарсы күресте Венесуэла халқы және Үкіметімен ынтымақтастығын білдірді.
Бақайи: “Венесуэладағы экономикалық және саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған АҚШ-тың біржақты шарасы заңсыз және әділетсіз.
Ислам Республикасы Венесуэланың егемендігі мен тәуелсіз даму құқығын қолдайды”,- деп сөзін қорытындылады.



















