АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні елінің наурыздың төртінен бастап Қытай импортына он пайыз қосымша баж салығын салатынын мәлімдеді.
Трамп «Truth Social» әлеуметтік желісінде жариялаған жолдауында: “Біздің елге Мексика мен Канададан өте жоғары және қабылдауға келмейтін деңгейде есірткі заттары енгізілуде. Көбісі фентанил формасындағы олардың көп пайызы Қытайда өндіріліп, таратылады. Былтыр жүз мыңннан астам адам осы қауіпті, әрі тәуелділік тудыратын улы заттардың таратылуы салдарынан көз жұмды. Соңғы жиырма жылда миллондаған адам қайтыс болды”, деп жазды.
Трамп есірткі заттарының отбасыларына тигізетін зиянына тоқталып: “Бұл пәленің АҚШ-на зиян келтіре беруіне рұқсат бермейміз. Сондықтан бұл мәселе тоқтатылмайынша немесе оған шынайы түрде шектеу қойылмайынша, наурыздың төртінен бастап күшіне енетін ұсынылған салықтар міндетті түрде жоспарланғандай жүзеге асырылады.
Осы күні Қытайға қосымша он пайыз баж салығы салынады. Сонымен қатар тиісті салықтың келесі кезеңі сәуір айында толығымен жүзеге асырылады. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет! Құдай Американы сақтасын!” — деп жазды.












