Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі америкалық ұшақ тасығыш пен оның флотына тағы шабуыл жасалып, нәтижесінде Американың Йеменге қарсы қастандық әрекетіне тойтарыс берілгенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі бригада генералы Яхия Сари бүгін, дүйсенбі күні Қызыл теңіздің солтүстігінде америкалық USS Harry Truman ұшақтасығышына шабуыл жасалғанын хабарлады.
Бұл Йемен Армиясының аталған америкалық ұшақтасығышына өткен 24 сағатта жасаған екінші шабуылы, әрі Американың Йеменге жасаған әскери шабуылдарының салдарынан көптеген адам қаза тауып, жарақат алуына берілген жауап саналады.
Яхия Сари операциялардың баллистикалық және қанатты зымырандар, сонымен қатар ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар арқылы жүзеге асырылғанын, қақтығыстың бірнеше сағатқа созылғанын мәлімдеді.
Яхия Сари Йемен қарулы күштерінің Америка Армиясының осы елге қарсы жасауға дайындалып жатқан дұшпандық шабуылының алдын алғанын айтып: “Дұшпанның соғыскерлері ұшақтасығыш пен оның флоты жаққа зымырандар мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар атылғаннан кейін өздерінің бастапқы орындарына оралуға мәжбүр болды”, — деді.
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі сөзінің соңында осы елдің сионистерге қарсы операциялары Газа секторының қоршауы ашылғанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.












