Иранда отыз алтыншы рет жоғары деңгейде ұйымдастырылған Тегеран Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі бүгін өз жұмысын аяқтайды.
Тегерандағы 36-шы Халықаралық кітап көрмесі 7 мамыр күні Имам Хомейни атындағы “Мосалла” кешенінде ашылды.
Көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф, Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Аббас Салеһи және бірқатар баспа жетекшілері қатысты.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, жұма күні таңертең 36-шы Тегеран Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне барды.
Баспагерлер 11 күн бойы осы үлкен алаңда өз жұмыстарын ұсынды.












