Ауғанстан уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрі Моулави Әмір Хан Моттақи елінің делегациясын бастап, Иранға аттанды.
Еуразия Тудейдің Ауғанстан БАҚ-на сілтеме жасап хабарлауы бойынша, делегацияның құрамында Экономика министрінің орынбасары доктор Абдул Латиф Назари де бар.
Ауғанстан уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрі Моулави Әмір Хан Моттақи Теһран диалог форумына қатысу және Иран Ислам Республикасының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін бүгін, сенбі, мамырдың он жетісі күні таңертең Кабулдан Теһранға аттанды.
Теһран диалог форумы 53 елдің ресми өкілдерінің қатысуымен мамырдың 18 және 19, жексенбі және дүйсенбі күндері Теһранда өтеді деп жоспарланған.
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Хафез Зия Ахмад Х платформасындағы парақшасында министр міндетін атқарушының бұл сапарға Иран Сыртқы істер министрі доктор Сейед Аббас Арақчидің ресми шақыруымен келе жатқанын жазды.















