Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф келесі аптада Тегеранға ресми сапармен барады.
Еуразия Тудейдің Geo News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Иран Президенті Масуд Пезешкианның шақыруымен Тегеранға ресми сапар жасайды. Сапар келесі аптаға жоспарланған.
Пәкістан Премьер-министрінің кеңсесі мәлімдеме жасап, сенбі күні кешке Шахбаз Шариф пен Масуд Пезешкиан арасындағы телефон арқылы сұхбатта Иран Президенті Пәкістан Премьер-министрін Тегеранға ресми сапармен келуге шақырғанын растады. Мәлімдемеде Пәкістан Премьер-министрінің Президент Пезешкианның бұл шақыруын қабыл алғаны айтылды.
Айта кетейік, Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи мамырдың бесі күні Пәкістанға ресми сапармен барып, Исламабадта Пәкістан Ислам Республикасының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, келіссөз жүргізді. Арақчи Исламабадтан кейін Жаңа Делиге ресми сапармен барды.
Сейед Аббас Арақчи мұның алдында Пәкістан пен Үндістан арасында келісім орнату үшін Тегеран өзінің күш-жігерін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.


















