Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иранның Ливанмен қарым-қатынаста жаңа кезеңге мүдделі екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арақчи Ливан Сыртқы істер министрі Юсеф Раджидің Иранның еліне сапармен келуге шақыруын қабылдамауына таңданыс білдіргенін мәлімдеді.
Арақчи Раджидің Бейрутке шақыруына ризашылық білдіріп: «Бауырлас байланыс және толығымен дипломатиялық қарым-қатынасқа ие мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кездесу үшін бейтарап мекенді қажет етпейтіні белгілі. Израильдің Ливандағы басқыншылығы мен атысты тоқтату келісімін айқын бұзуына байланысты ливандық құрметті әріптесімнің Тегеранға сапармен келуге әзір еместігін жақсы түсінемін. Сол себепті оның Бейрутқа сапармен шақыруын ықыласпен қабылдаймын. Біз де Ливанмен екіжақты байланыста жаңа кезеңге мүдделіміз. Ливан Сыртқы істер министрі Раджи мырза қуаттаған нақты қағидаттарға негізделген байланысты қалаймыз», — деді.
Айта кетейік, Ливан Сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер министрі Юсуф Раджидің ирандық әріптесі Аббас Арқчидің Тегеранға сапар шегу туралы шақыруынан бас тартып, қабылдамағаны үшін кешірім сұрағанын хабарлады.
Мәлімдемеде «шақырудан бас тарту диалогтан бас тартуды білдірмейді» деп атап айтылды.
Ливан Сыртқы істер министрлігі Раджидің кездесуді бейтарап үшінші елде өткізуді ұсынғанын түсіндірді.












