Бүгін біз бейбітшілік ұғымын бұрынғыдан көбірек қайта қарастыруымыз керек.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ашхабадта өтіп жатқан Халықаралық бейбітшілік және сенім саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Пезешкиан: «Бүгінгі таңда бейбітшілік әмбебап құқық болудың орнына, тек белгілі бір географиялық аймақтағы артықшылыққа айналды.
Бүгін біз бейбітшілік ұғымын бұрынғыдан көбірек қайта қарастыруымыз керек. Бейбітшілікке әскери бюджеттерді көбейту арқылы да, күшті одақтар мен жалған дипломатия арқылы да емес, тұрақсыздықтың тамырына балта шабу арқылы қол жеткізіледі.
Қазіргі кемсітушілік жағдайында Батыс Азиядағы ұлы державалардың саясаты іс жүзінде аймақтағы көптеген соғыстар мен әділетсіздіктердің негізі болып табылатын сионистік режим үшін арнайы құқық қалыптастыруға жеткізді.
Сионистік режим Газадағы ұздіксіз қылмыстардан бастап, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қалашықтар салуды арттыруға, Сирияға, Ливанға, Иран Ислам Республикасына және Катарға оқтын-оқтын шабуылдарға дейін басқыншылық саясатын жүргізді.
Израиль режимі халықаралық бақылаудан тысқары қалған кезде, әділетсіздіктің тамырлары тереңдеп, тұрақты бейбітшіліктің тамыры құриды», — деді..












