Оман теңізінде алты миллион литр контрабандалық жанар май тиелген кеме тәркіленді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Һормозгон останының Бас Соты Мотджтаба Ғаһрамани Сот қызметкерлері Оман теңізі жағалауында контрабандалық алты миллион литр жанар май тиелген бір кемені тәркілегенін мәлім етті.
Һормозгон останының Бас Соты жанар май контрабандасы және контрабандашылар желісімен күрес мақсатында осы шетелдік кеме Оман теңізі мен Джасак маңындағы Иран Үкіметінің иелігіндегі суларда сот қызметкерлері тарапынан тәркіленгенін хабарлап: «Бұл кеменің теңізге сапарға шығатын және жанар май тиелімі туралы коносаменті жоқ.
Кеме сонымен қатар навигациялық барлық құралдарын өшіріп тастаған. Кеменің 18 экипаж мүшесі Үндістан, Шри-Ланка және Бангладеш елдерінің азаматтары», — деді.












