Иран 70-тен астам радиофармацевтикалық препарат өндірісімен қатерлі ісікте емдеуде стратегиялық дамуға қол жеткізді.
Иранның ядролық медицинасы, радиоонкология, гемотология және онкология ұйымдарының бірлескен отырысы Иран президентінің орынбасары, осы елдің Атом қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Исламидің қатысуымен Тәжриштегі Шәһидтер ауруханасында өтті.
Отырыста қатерлі ісікті ядролық технологияны пайдаланып анықтау және емдеудегі соңғы жетістіктерге басты назар аударылды.
Ислами отырыста ядролық өнеркәсіпті радиофармацевтикалық өндірістің негізі деп атап: «Иран бүгінде қатерлі ісіктің отыздан астам түрін емдеуде тиімді радиофармацевтикалық препараттар өндіруде табысқа жетті. Нәтижесінде елде жетпістен астам радиодәрі үздіксіз өндіріліп, ұсынылады. Бұл науқастардың емделу қаржыларының төмендеуі мен олардың дәрілерге қолжетімділігінің артуына себеп болды», — деді.
Басқосудың қорытынды мәлімдемесінде радиофармацевтикалық дәрілердің қатерлі ісікті нақты анықтау, емдеудегі асқынуларды азайту және емдеуде жетістікке жетудің артуындағы маңызды рөлі қуатталып, ядролық технология денсаулық жүйесіндегі тиімді жаңа құралдардың қатарында таныстырылды.
Осы оқиға аясында Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Ислами Таджриш Шәһидтер ауруханасы ядролық медициналық ПЭТ сканерлеу бөліміне барып, елінің диагностикалау, науқастардың емделу кезегін азайтуда және қатерлі ісіктерді емдеу қызметтерін жақсартуда маңызды рөл атқаратын емдеу мүмкіндіктерімен танысты.












