Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи елінің Ресеймен Бушер ядролық стансасының келесі кезеңдерін салу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Аббас Арақчи Ресейдің ММХҚИ-да сөйлеген сөзінде Ресейдің Иранда алғашқы ядролық стансаны Бушер қаласында салғанын, бұл стансаның екі ел байланысының белгісіне айналғанын айтып: «Оның келесі кезеңдерін салу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деді.
Арақчи Иранның бейбіт сипатты ядролық нысандарына шабуыл жасалғанына тоқталып, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауындағы нысандарға шабуылдың жасалуын халықаралық заңдардың әшкере бұзылуы деп атап: «Бұл әрекеттер — халықаралық жүйедегі әлемге көбірек қатер төндіретін заңсыздық үлгілерінің бірі. Бұрын ең болмағанда осындай әрекеттер үшін заңдылықтың сырт көзгі көрінісі жасалатын. Бүгінде тіпті сол көрініс те жасалмай, күш қолдану туралы ашық әңгіме айтылатын болды.
Бұл шындық Иранға жасалған жуырдағы соғыста әшкере байқалды. Келіссөздер жүріп жатқан кезде Иранға шабуыл жасалды. Кейін Ираннан мойынсұнуға негізделген келіссөз өткізу сұралды. Тіпті Америка президенті де Ираннан ешбір шартсыз берілуді сұрады» — деді.

















