Меһди Санайи Иран Президентінің саяси істер орынбасарлығы қызметінен кету туралы өтініш берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Санайидің Президент әкімшілігінен кетуі турал өтінішін Үкіметтің баспасөз хатшысы Фатима Моһаджерани растады.
Үкіметтің баспасөз хатшысы Фатима Моһаджерани бүгін баспасөз брифингінде Санайидің Иран Президенті аппараты саяси істер бойынша орынбасарлығы қызметінен кететіні туралы хабарды растап: «Бұл отставканың негізі дұрыс. Алайда қызметтен кету туралы өтініштің қабылданған, қабылданбағаны туралы хабарым жоқ», — деді.
Ол сонымен қатар Санайидің қызметінен кету туралы өтініш беруін алғашқы рет емес деп атады.
Айта кетейік, Меһди Санайи — ирандық реформатор саясаткер, дипломат, ғалым, Тегеран университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.
Ол 1995-1996 жылдары Қазақстандағы Иран елшілігінің мәдени кеңесшісі қызметін атқарды.
2013-2019 жылдары Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
Иран Ислам Президенті Масуд Пезешкианның саяси кеңесшісі, кейін Президент кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.












