Сионистік режим бүгін таңертең, қаңтардың 26 күні Ливанның оңтүстігіне жойқын шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің Ливанның жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша сионистік режимің Ливанның оңтүстігіндегі аудандарға ауыр соққы жасады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, сионистік режим бүгін таңертеңгі шабуылдарда бункерлерді талқандайтын арнайы ауыр бомбаларды қолданған.
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіндегі Иклим әл-Туффах аймағын жаппай бомбалағаннан кейін, осы аймақтың үстінен барлау ұшақтарын ұшыра бастады.
Айта кетейік, Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі кеше де осы елдің оңтүстігіне жасалған сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақ шабуылынан бір адам қаза тауып, тағы бір адамның жараланғанын хабарлады.
Әл-Алам арнасының мәліметі бойынша Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің елдің оңтүстігіндегі «Кафр Дунин» және «Хирбет Силм» елді мекендері арасындағы аймаққа жасаған әуе шабуылынан бір адам қайтыс болып, бір адам жарақат алғанын мәлімдеді.
«Әл-Маядин» телеарнасының хабарлауынша, сионистік режим кеше Ливанның шығысындағы Бекаа алқабында орналасқан «Жанта» қаласының айналасындағы төбелерге де соққы берген.
Бұл шабуылдар сионистік режимнің бұған дейін де бірнеше рет атысты тоқтату келісімін бұзып, Ливанның әртүрлі аймағына соққы жасаған кезде орын алып отыр.
Сионистік режим Ливанға қарсы соғысты тоқтатуы тиіс болған келісімге бір жылдан астам уақыт өтсе де, іс жүзінде бұл режим Ливанның аумақтық тұтастығына қатысты мыңдаған рет келісімшартты бұзып, шабуылдарын жалғастыруда.












