Еуропалық Парламент депутаттары картадан Иранның орналасқан жерін дұрыс көрсете алмай, қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл оқиға Парламент ішінде де үлкен жанжалға ұласты.
Le Parisien басылымының мәліметінше, Парламент мүшелерінің қате жауаптары жазылған бейнежазба наурыз айының басында түсірілген. Алайда интернет қолданушыларының назарына бұл осы демалыс күндері ғана ілігіп, жүздеген сыни пікірдің жазылуына себеп болды.
Материалда «Болгария, Түркия, Ауғанстан, Сауд Арабиясы. Кейбір Еуропалық Парламент депутаттары бұл елдерді Иранмен шатастырды», -деп жазылған.
Социалистік партия депутаты Эмма Рафовиц Иранның орнына Болгарияны көрсеткен, ал оның әріптесі Фабьенн Келлер Иранды Түркиямен шатастырған.
«Бағынбаған Франция» партиясының өкілі Манон Обри X әлеуметтік желісінде егер Еуропалық Парламентте Иранмен соғыс мәселесі бойынша шешім қабылдау қажет болмаған жағдайда мұндай қателіктерді күлкілі санауға болатынын айтып: «Енді мен кейбіреулердің неге оны айыптауға батпайтынын жақсы түсінемін!» -деп жазды.












