Швеция Польшаға Patriot әуе қорғанысы жүйесін жібереді.
Бұл туралы Польшаның қорғаныс министрі Владислав Косиниак-Камыш X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Владислав Косиниак-Камыш X әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Польшаға Patriot жүйелерін жіберу туралы шешімі үшін Швеция үкіметіне алғыс айтамын. Швеция Жешувтағы НАТО-ның логистикалық торабын қорғау міндетін өз мойнына алады.
Сондай-ақ, Польша мен НАТО-ның шығыс қапталын осы уақытқа дейін қолдап келе жатқан Нидерландқа да алғыс білдіремін. Бұл миссияның жалғасуы – Ресей тарапынан төнген қауіп жағдайындағы одақтастық ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздікке деген ортақ жауапкершіліктің айғағы. Біз біріккенде мықтымыз!» — деп жазды.
Айта кетейік, Швеция өзінің ең озық әуе қорғанысы жүйесі Patriot-ты Польшаның шығыс бөлігіне орналастыру миссиясын 2026 жылдың 1 желтоқсанында бастайды.
Халмстадтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінен шамамен 100 швед сарбазы қатысады. Операция шамамен жеті айға созылады деп жоспарланған.
Швециялық контингент бұл міндетті Нидерланд әскерлерінен қабылдап алады.
Швеция Әуе қорғанысы полкінің командирі София Вестермарк бұл миссияны Швецияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің НАТО одақтасы ретінде шетелде жүргізетін алғашқы операциясы деп атадыы. .
Дегенмен Стокгольм Patriot зымыран кешендерінің нақты санын жариялаған жоқ.












