Ресейлік генерал-майор Иван Попов даулы үндеу жазды. Поповтың қол астындағыларға жасаған үндеу файлын бұрын 58-армияны басқарған Мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев Telegram-арнасында жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үндеуінде Ресей Федерациясының Запорожье майданындағы бөлімшелерінің қолбасшысы генерал басшыларға баяндамасында «жағдайды қалай бар солай айтып», Ресей армиясындағы жауынгерлік жұмыс пен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелерді қатаң белгілеп айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтады.
«Жоғары басшылықпен қиын жағдай туындады… Бүгінгі уақыттағы армияда бар барлық проблемалық мәселелерді белгілеп айттым. Жауынгерлік жұмыс, қамтамасыз ету бойынша. Бұл батареяға қарсы күрестің, барлаудың болмауы және жау артиллериясынан сіз бен біздің бауырларымыздың өлімі. Сондай-ақ, бірқатар басқа мәселелерді көтердім», — дейді Попов жазбада.











