Иран СІМ Хосейн Амир Абдоллахиан Сауд Арабиясы патшалағының тақ мұрагері, премьер-министрі Амир Моххамад Бен Салманмен Джиддада кездесті.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амирабдоллахиан Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері және премьер-министрімен кездесуінде Иран Ислам Республикасының аймақ елдері және Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты дамытудағы табандылығын қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі екі елдің алдында тұрған мүмкіндіктерге тоқталып: «Иран Ислам Республикасы мен Сауд Арабиясы ынтымақтастықты, соның ішінде саясат, экономика, сауда, транзит, ғылым мен техника, мәдениет салаларын жан-жақты дамыту арқылы аймақтың дамуы мен өркендеуіне қол жеткізе алады», — деді.
Әмір Абдуллахиан халықаралық жүйедегі өзгерістерге тоқталып: «Бүгін біз тарихи жауапкершіліктің алдында тұрмыз. Аймақ табысының жолы — диалог пен ынтымақтастықты күшейту және дамуға бағытталған ынтымақтастықты арттыруда», — деді.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Сауд Арабиясының Иранмен қарым-қатынасы туралы көзқарасы стратегиялық және Эр-Риядтың бұл мәселеде шынайы ерік-жігерге ие екенін айтты.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Иран президентін Сауд Арабиясына келуге шақырып, екі ел басшыларының кездесуін өте маңызды деп санап, бұл кездесулердің екіжақты және көпжақты қатынастарды дамыту мен тереңдетуге айтарлықтай әсер ететінін айтты.
Кездесуде сонымен қатар кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер де талқыланды.













