Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің «Загулба» резиденциясында шағын құрамдағы кездесуі өтті.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша президенттер өзбек-әзербайжан көп қырлы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасты.
Өзбекстан мен Әзірбайжан басшылары әртүрлі салалардағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.
Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Орта дәліз бойынша жүк тасымалдауды ұлғайту, логистика мен порт инфрақұрылымын бірлесіп дамыту қажеттігі атап өтілді.
Президенттер өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың, ынтымақтастықтың жаңа жобаларын бірлесіп әзірлеу және ілгерілету үшін екі елдің өңірлері басшыларының тұрақты кездесулерін ұйымдастырудың маңыздылығын мәлімдеді.
Мәдени-гуманитарлық алмасуды дамытуға, білім және ғылым саласындағы бірлескен бағдарламаларды іс жүзінде жүзеге асыруға өзара ниет білдірілді.
Халықаралық терроризмге, экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында қарқынды диалог пен өзара қолдауды жалғастыру мәселелерін талқылады.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 22 тамызда мемлекеттік сапармен Бакуге келді.












