Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады.
Ақорданың хабарлауынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 24 тамызда Украина Президенті Владимир Зеленскийге жолдаған жеделхатта украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Украинаның Тәуелсіздік күні — Украинаның мемлекеттік мерекесі жыл сайын 24 тамызда Украина КСР Жоғарғы Кеңесі Украинаның тәуелсіздігі туралы Декларация туралы қаулы мен актіні қабылдау құрметіне тойланады. Бұл қазіргі түрдегі Украина мемлекетінің құрылған күні саналады.



















