Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі салдарынан көптеген адам, соның ішінде балалар мен әйелдер жараланған Палестинадағы әл-Ахли ауруханасының бомбалануын қатаң түрде айыптады.
Тәжікстан СІМ хабарлауы бойынша азматтық нысандарға, әсіресе ауруханаларға ешбір жағдайда шабуыл жасалмауы керек және ауруханалар кез келген жағдайда халыққа қызмет көрсететін қауіпсіз орын болуы керек.
Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, жараланғандардың сауығып кетуін тілеп, зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптады. Тәжікстан тараптарды тез арада атысты тоқтатуға және жағдайды тұрақтандыру үшін диалогты бастауға шақырады.


















