Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 25 қазанда елге Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Джалил Аббас Джиланиді қабылдады.
КР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесуде Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасу болды.
Жапаров Пәкістанның халықаралық және өңірлік қатынастар жүйесінде маңызды орын алатынын, Қырғызстанның екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Президент Садыр Жапаров Пәкістанмен экспорттық-импорттық позицияларды әртараптандыруға және пәкістандық инвесторлармен перспективалы жобалар бойынша белсенді жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірді.
Өз кезегінде Пәкістан Сыртқы істер министрі Джалил Аббас Джилани екі ел арасындағы өзара мүдделі барлық салалардағы қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар, Джалил Аббас Джилани президент Садыр Жапаровты өзіне ыңғайлы уақытта Пәкістанға сапармен келуге шақырды.
Тараптар бірлескен іс-қимылдың арқасында Қырғызстан-Пәкістан ынтымақтастығы жақын болашақта жаңа биіктерге жететініне сенім білдірді.


















