Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс мәселесіне қатысты пікір білдірді.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, атысты тоқтатуға, гуманитарлық мақсатта бітімге келуге шақырды.
Өзбекстан мемлекет басшысы: «Біз жаһандық ауқымда өсіп келе жатқан сенім дағдарысына куә болып отырмыз. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа проблемалар туындауда. Біз халықаралық құқықтан ауытқуларды көбірек байқаймыз.
Таяу Шығыста ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан палестиналық-израильдік қақтығыстың аса қауіпті сипаты бәрімізді ерекше алаңдатады. Қарулы қақтығыстар салдарынан бейбіт тұрғындардың, әсіресе, қарттардың, әйелдер мен балалардың өлімі мен жарақаттануы күрт артып, қақтығыстың жаппай өршу қаупі күшейеді.
Осыған байланысты тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, атысты тоқтатуға, гуманитарлық мақсатта бітімге келуге шақырамыз.
Бұл мәселенің жалғыз және ең әділ шешімі «екі халыққа екі мемлекет» қағидасы негізінде қабылдануы тиіс.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарларында анықталғандай, Палестина халқының тәуелсіз мемлекет құруға құқығы бар. Біздің Ұйымның аясында біз бүкіл әлемге осы мәселе бойынша бірауызды, принципті ұстанымымызды жариялауымыз керек» деді.












