Қорғаныс министрлігінде қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукармен хаттамалық кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.












