Германия президенті Штайнмайерді Катар әуежайында кешігіп қарсы алды.
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Доха әуежайында Катар Сыртқы істер министрін ұшақтың басында 30 градус ыстықта жарты сағат күтуге мәжбүр болды.
Бұл туралы ASB Zeitung хабарлады.
«Доха әуежайында қызыл кілем төселді, ұшақ алдында құрметті қарауыл тізілді, бірақ Катар Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сұлтан бен Саад әл-Мурайхи келмеді» деп жазды Bild.
Айта кетейік, Германия президентінің ұшағы Дохаға жоспарланған уақыттан ерте келгендіктен осындай жағдайға себеп болған.












