Иран 2024 жылдың 20 наурызына дейін ғарышқа бірнеше жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы жұма күні Ислам Республикасының Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Иса Зарепур мәлімдеді.
ИРНА агенттігінің хабарлауынша ол Иранның қазіргі үкіметінің ғарыш саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын айтып, өткен жылы елдің ғарыш саласын дамытуға арналған 10 жылдық құжаттың бекітілгенін, соның аясында жер серіктерін жасау, инфрақұрылымды дамыту, жерүсті станциялары мен жер серіктерін ұшыру саласын дамытуға бағытталғанын айтты.
Байланыс министрі сондай-ақ Иранның биылғы жылдың соңына дейін бірнеше ғарыштық іс-шараларды жоспарлап отырғанын да мәлімдеді.


















