Өзбекстанның инвестициясы есебінен Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы саласында өндіріс орындарын салу тақырыбы екі елдің тиісті ведомство басшыларының кездесуінде талқыланды.
ӨР Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрлігінің Телеграмдағы мәліметіне сәйкес, қаңтардың 5 күні Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Ләзиз Қудратов пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің кездесуі өтті.
Тараптар инвестициялық келісімдерді, ағымдағы жобаларды және сауда келісімшарттарын іске асыру, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Өзбекстанның инвестициясы есебінен Қазақстан аумағында, негізінен ауыл шаруашылығы саласында өндіріс орындарын салу тақырыбына баса назар аударылды.
Жаңа жобаларды мақсатты түрде дамыту үшін өзбекстандық кәсіпкерлер делегациясының Қазақстан өңірлеріне сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі соңғы 6 жылда 2,5 есеге жуық, яғни, 2016 жылғы 1,9 миллиард доллардан 2023 жылы 4,6 миллиард доллардан астамға дейін өсті.
















