Алматы қаласы The New York Times-тың биылғы жылы көруге болатын әлемдегі елдердің тізіміне енді.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, The New York Times басылымы жариялаған тізімдегі 52 елдің арасынан Алматы қаласы 25-орында тұр.
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуы бойынша, Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілініп келеді.
New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді.
Туризм және спорт министрлігі Алматы қаласының Орталық Азия елдері бойынша осы рейтингке енген жалғыз қала екенін атап өтті.
Алматы — Тянь-Шянь жоталарында орналасқан табиғаты әсем Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Өзінің тарихы және табиғатымен ерекшеленген Алматы қаласы нағыз туризмге арналған қала.



















