Украинаға Ресейден 517 бала мен 2828 адам, соның ішінде 150 бейбіт тұрғын қайтарылды. Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің мәлімдеуінше, Украина Ресейден барлық азаматын қайтаруға күш салуда. Осыған орай, Украина үкіметі халықаралық қауымдастықтан осы мақсатты жүзеге асыруда көмек көрсетуге шақырды.
Украина билігінің мәліметінше, Ресейдің Украинадағы соғысы басталғаннан 2023 жылдың аяғына дейін Ресейге 19 546 бала заңсыз жолмен әкетілген. Алайда күшпен Ресейге тасылған украиналық бала саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Ресей билігі балалардың күшпен әкетілуін жоққа шығарып, балалардың құтқарылғанын және оларды ата-анасына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Ресей 2022 жылғы 23-ші ақпаннан 24-ші ақпанға қараған түні Украинаға қарсы әскери қимылдарын бастады.
Екі ел арасындағы соғыс қазірдің өзінде жалғасуда. Өкінішке орай, соғыстың әзір бітетін түрі жоқ.












