Соңғы күндері АҚШ-тың бірқатар аумағында соққан дауылдар мен қолайсыз ауа райы кесірінен 83 адам көз жұмды.
CBS мәліметінше, күннің суытуы мен қатты жел салдарынан ең көп өлім Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк, Нью-Джерси штаттарында тіркелді.
Ұлттық ауа райы қызметінің (NWS) хабарлауынша, елдегі мұндай ауа райы келесі аптаның соңына дейін жалғасып, қар, бұршақ аралас жаңбыр және қатты нөсер жауады деп болжануда.
Тынық мұхитының солтүстік-батысы мен елдің кейбір оңтүстік аймақтары да соңғы аптада қыстың қолайсыз ауа райы салдарынан қатты зардап шекті. Себебі, бұл аймақтарда орналасқан үйлер мен кәсіпорындарды жылыту үшін табиғи газ бен электр энергиясының мөлшері рекордтық деңгейге жеткен.
Сонымен қатар, кейбір аймақтарда соңғы күндердегі қар мен боран жүздеген мың тұтынушының электр жарығынсыз қалуына себеп болды.
АҚШ-тың бір Орегон штатында сенбі күні 45 000 абонент жарықсыз қалды.
Сондай-ақ, соңғы күндері орын алған қолайсыз ауа райы салдарынан ондаған мың рейс тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды.
Кейбір штаттар жүргізушілерге қатты аяз кезінде жолдарда аса сақ болу керектігін ескертіп, тек аса қажет жағдайда ғана жолға шығуға кеңес берді.


















