Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Фарход Салим 2024 жылғы 27 қаңтарда Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Елші Икегами Масакиді қабылдады.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында Тәжікстан мен Жапония арасындағы екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен келешегі, саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа да өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Тараптар «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы кездесулерді дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Орталық Азия+Жапония» диалогы — 2004 жылғы 28 тамызда Астанада Жапония мен Орталық Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту мақсатында құрылған платформа.


















