Қытайдың Цинхай провинциясындағы Лэнху астрономиялық базасында ерекше телескоп жасалуда.
Сhinadaily агенттігінің мәліметінше, Шанхай Цзяотун университеті әзірлеп жатқан телескоп 2026 жылға қарай іске қосылады деп жоспарланған.
Ұзындығы 4,4 метр болатын Jiaotong University Spectroscopic Telescope (JUST) атауы берілген көп функциялы спектрлі телескоп бірнеше спектрографпен жабдықталады.
Ерекше телескоп жоғары сезімталдығымен әртүрлі астрономиялық бақылау жүргізе алады. Ғалымдардың айтуынша, телескоп ғарышты кең зерттеуге мүмкіндік береді.
Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының (CNSA) ақпаратына сәйкес, 2026 жылға қарай іске қосылатын телескоп қараңғы ғаламды зерттеу, динамиканы қадағалау және алыстағы нысандарды түсірумен айналысады деп күтілуде.
CNSA астрономдарының айтуы бойынша, телескоп Айдың арғы бетіндегі мәліметтерді де жинай алады.
CNSA егер бәрі жоспарға сай сәтті шықса, бұл телескоп алыстағы ғарыш объектілерінен алынған жұмбақ сигналдарды анықтап, құпиялардың сырын ашатынына сенімді.
JUST жобасы — Шанхай Цзяотун университетінің астрономия саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Жоба аяқталғаннан кейін Азиядағы астрономиялық бақылаулардың ең үлкен базасы болмақ.



















