Теһран қаласында Тәжікстан Мәдениет министрінің орынбасары Давлат Сафарзода ИИР-ның Мәдениет және исламдық бағдар министрінің орынбасары Ясир Ахмадвандпен кездесті.
Тәжікстан Мәдениет министрлігінің хабарлауы бойынша, тараптар кездесуі Тәжікстан мен Иранның бірлескен мәдени кеші аясында өтті.
Тараптар кездесу барысында екі ел арасында халықаралық кітап көрмесін өткізу, классикалық және заманауи жазушыларды құрметтеу және кітаптар шығару, көркем бағдарламалар ұйымдастыру сияқты мәдени ынтымақтастыққа байланысты мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Иран тарапы кездесуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Фирдоусидің «Шаһнаме» кітабын қайта басып шығару жөніндегі бастамасына ризашылық білдірді.
Теһранның Ниаваран сарайында өткен Иран және Тәжікстанның бірлескен мәдени кеші барысында екі елдің музыкалық топтары өнер көрсетіп, ұлттық тағамдары таныстырылды.











