Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америкада өтетін стратегиялық отырысқа қатысады.
Фидан келесі аптада әріптесі, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің шақыруымен екіжақты стратегиялық механизмнің отырысына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына сапармен баратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Анталия дипломатиялық форумының жабылу салтанатында айтты.
Стратегиялық механизм 2021 президенттердің келіссөздерінің нәтижесінде құрылды. Ол негізінен министрлер деңгейінде жұмыс істейді. Алайда отырыста қауіпсіздік мәселелері ғана емес, энергетика, экономика, аймақтық және саяси мәселелер де талқыланады.
Фидан сайлауға байланысты екі елдің де күн тәртібі өте қауырт екенін еске салды.
Айта кетейік, наурыздың соңында Түркияда муниципалды сайлау, ал 2024 жылдың қараша айының 5 күні АҚШ-та президент сайлауы өтеді.














