Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары дауысын жоғалтқан адамдарға көмектесетін инновациялық жапсырма әзірледі.
Medical Xpress басылымының хабарлауы бойынша, америкалық ғалымдардың ойлап тапқан медициналық жапсырмасы дауысын жоғалтқан адамдарға қайтадан сөйлеуге көмектеседі.
Ғылыми зерттеу Nature Communications журналында жарияланған.
Көлемі кішкентай әрі су өткізбейтін жапсырма мойын терісіне жапсырылады. Жапсырма көмей бұлшықеттерінің шеміршектерін қозғалысқа келтіріп, сөйлеуді тудырады.
Жапсырма сынақтан 8 ерікті арқылы өткізілген. Сынақ барысында құрылғының адамның қозғалысы кезінде де жұмыс істейтіні белгілі болды.
Жапсырма авторы — Калифорния университетінің биоинженерия кафедрасының доценті Джун Чен.
Жапсырма бес өте жұқа қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты силиконнан жасалған.
Қазіргі таңда жапсырма тек алдын ала жазылған сөйлемдер арқылы ғана адамға көмек бере алады.
Айта кетсек, бұған дейін қаңтар айында АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары ақылды жапсырма ойлап тапқан болатын. Жапсырма смартфон арқылы басқарылып, өзі инъекция жасайды.


















