Қытайдың Циндао қаласында Қырғызстан мен Қытай Сыртқы істер министрліктері арасында консулдық консультациялар өтті.
Қырғыз Республикасының СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша консультациялар барысында екі елдің өзара іс-қимылының әртүрлі аспектілері бойынша ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерге қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Талқылаулар барысында екі ел арасындағы виза мәселесіне баса назар аударылып, екі ел азаматтары үшін виза беру рәсімдерін оңайлату мен жеделдетудің маңыздылығы аталды.
Тараптар Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасының азаматтары мен кәсіпорындарының құқықтары және мүдделерін қорғау мәселелерін талқылап, осы салада белсенді ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, Қытай мен Қырғызстан сотталғандарды беру және тапсыру мәселелерін талқылады.
Қырғызстан Қытай тарапына сотталған азаматтарды Қытайдан Қырғызстанға тапсыру мәселесін жеделдетуде көмектесуді сұрады.



















